«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДАДА 3 МЕКТЕП, 1 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысындағы сапар барысында айтты. Жалпы аталған бағдарлама аясында өңірдің құрылыс саласына 6 миллиард теңге, әлеуметтік салаға 37 миллиард теңге қаржы бөлінбек.
Вице-премьер Сыр еліне сапары кезінде аудандарды аралап қана қойған жоқ. Өңірдегі ірі компаниялардағы жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша атқарылып жатқан шараларды да пысықтап шықты. Облыс орталығында ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.
Дағдарыс жағдайында жұмыс орнын қысқартпауға байланысты облыста кәсіпорындармен 1300 меморандум жасалды. Нәтижесінде 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны сақталып қалып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы Қызылорда «қара алтын» өндіру көлемі бойынша республикада төртінші орында.
– Өңірде көп өзгеріс бар. Ең негізгісі халықтың көңіл-күйі дұрыс. Қарны тоқ, тұрмысы жақсы болғанның белгісі бұл. Аудандарды аралау барасында тік ұшақтан қарап отырмын зәулім үйлер көп тұрғызылған. Ауылдардың өзінде шатырлары жөнделіп, сырланған. Тіпті Джиппен түйе бағып жүргендерді көрдім. Бұл тұрмыстың түзелгені. Ал мұнайға келсек, бір баррель 30 долларға түсіп кеткен кездерде де болды. Ол уақытты да бастан өткердік. Бірінші тоқсанның қорытындысын қарап отырмын өндіріс, ауыл шаруашылық, әлеуемттік салалар бойынша республикада алдыңғы қатардасыздар. Құрылыстың өзі 37 пайызға көбейген. Сондықтан жұмыла жұмыс жасау қажет. Бастысы қыстан қиналмай шықтық. Жұмыс орындарын қысқарту көп орын алған жоқ. Бұл бағыттағы шараларды жалғастыру керек, - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев.
– ҚР Президентінің өңірдегі өкілі ретінде мен кәсіпорындардың тиісті бюджет деңгейімен жұмыс көлемін қамтамасыз етуді және жұмыс орындарын қысқартпауды талап етемін. Мүмкін сіздер жұмыс уақытын қысқартатын шығарсыздар, бірақ қызметкерлеріңізді жалақысыз қалдырмаңыздар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бұдан соң Үкімет басшысының орынбасары Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету және Ана мен бала орталықтарында болып, жұмыс барысын көрді.
Айта кетейік, өңірде бала өлімі 34,7 пайызға азайып отыр. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 92,2 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Б.Сапарбаев жеке әріптестік негізде салынған «Шұғыла 2» балабақшасында болып, педагогтармен кездесті.
– Кейбір облыста балабақшамен қамту 50-55 пайыздан аспайды. Ал Қызылордада бұл мәселе оң шешімін тауып келеді. Әсіресе, мұнда жеке балабақша көп салынып жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек. Ең негізгісі елдің ішінде тыныштық бар. Отанымызда 100-ден астам ұлт өкілі өмір сүріп жатыр. Бірлік пен ынтымақ болмаса экономика дамымайды. Еліміздің жетістігінің негізі татулық арқасы, - деді Б.Сапарбаев.
Осылайша Үкімет басшысының орынбасары сапар барысында облыста жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.