ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында облыс активі мен медицина қызметкерлері, өңір кәсіпкерлері және «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ ұжымымен кездесті, деп хабарлайды штабтың баспасөз қызметі.
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламенті депутаттары мен мәдениет және спорт өкілдері бар.
ҚХА мүшесі, «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев облыс тұрғындары Президентке әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді.
«Қазақ халқы – 140 ұлттың басын қосып, бір шаңырақ астында айрандай ұйытып отырған дана халық. Бейбітшілік пен келісім – тыныштықты сақтайтын мәңгілік кепілдік. 20 этомәдени орталықтан тұратын «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігі мен Маңғыстау өңірі Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімді қолдау көрсетеді», - дейді Ю.Шахшаев.
Сондай-ақ РҚШ мүшелері Облыстық қан орталығында медицина қызметкерлерімен кездесті.
«Мен перинаталды орталықта жұмыс істеймін. Еңбек өтілім 15 жыл, жансақтау бөлімінде. Мен денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарды өзім сезіндім. Ол кезде ауруханаларда күнделікті жұмыста қолданатын заттардың өзі тапшы болатын. Науқастарға қандай көмек көрсету қажеттігін білесің бірақ, қажетті дәрі-дәрмектердің жоқтығынан медициналық көмек қажетті деңгейде және уақытында көрсетілмейтін. Бірақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында азаматтардың денсаулықтары басым бағыт ретінде көрсетілді. Оның нәтижесі көп күттірген жоқ. Медицина қауымдастығы аз ғана уақыттың ішінде ауқымды өзгерістерді сезіне бастады», - дейді облыстық перинаталдық орталықтың реаниматологы Аймет Мұхаметов.
Кардиолог-дәрігер Жеңіс Қозыбаев болса, Елбасына «Болашақ» бағдарламасы үшін ерекше алғысын білдірді.
«Президенттің «Болашақ» бағдарламасының арқасында маған «Бакулевск» институтында «кардиохирургия» мамандығы бойынша білім алуыма мүмкіндік туды. 2006 жылы мен Мәскеуге келдім. Біздің тобымызда Молдова, Грузия, Армения, Ресей, Кот-д-Ивуар сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің жастары болды. Біз оларға жастардың әлемнің жетекші деген білім ордаларында оқуға мүмкіндік беретін Президентің «Болашақ» бағдарламасы туралы айтып бердік. Олар Н.Назарбаевтың өзінің халқының зор болашағы үшін инвестиция салып отырғандығына таң қалды», - дейді Ж.Қозыбаев.
РҚШ мүшелері аймақтың кәсіпкерлері мен «Ақтау желі зауыты» ЖШС жұмысшыларымен де кездесті.
Өңір тұрғындары 26 сәуір күні өздерінің Ұлт Көшбасшысына дауыс беретіндіктерін, өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі екендігін айтты.