ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Атырау қаласының жұртшылығымен кездесті.
Жұртшылықпен кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов атап өткендей, бүгінде экология ғылымына биологияның бір саласы деп қарамай, оған әлдеқайда тереңнен бойлау қажет. Экология адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналуы тиіс.
«Жер жүзінде адам пайда болып, оның өркениеті өскен сайын, биосфера эволюциясында жаңа – антропогендік фактор іске қосылды. Адам биосфераны жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалана бастады.
Алайда, қоршаған ортаны қаншалықты өзгертуге тырысқанымызбен, Жер бетіндегі тіршілік табиғаттың қатаң заңына бағынып дамиды. Сондықтан адамзат өркениеті тұрақты даму үшін осы заңдар мен қағидалардан ауытқымауы керек.
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру – адамның Жер бетіндегі өмір салтының негізгі қағидасы», - деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов.
Оның айтуынша, ғылым, техника мен технологияның сапалы жаңа байланысын қалыптастырған ХХ ғасыр қоғамның табиғатқа әсер ету күшін арттырып, адамзатқа бірқатар өзекті әрі өткір міндеттер жүктеді.
Сол себепті, Ә.Құсайыновтың пікірінше, табиғат қойнауын тиімді әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу әр азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Ә.Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасының тағы бір маңызды бағыты – өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері.
Кандидаттың айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік дегеніміз – өнім мен өндірістің қауіпсіздігі туралы, көп деңгейлі стандарттау мен сертификаттау туралы техникалық регламенттерді, нормаларды қатаң ұстану.
«Менің мақсатым – осы нормалардың ашық және дұрыс орындалуына қол жеткізу.
Қауіпті өндіріспен айналысатын барлық ұйымдар өз жұмысшыларының, нысандары мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауапты болы керек.
Барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын қоршаған ортаға ықпалы мейілінше аз болатындай етіп жүргізулері керек», - деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.
Сонымен қатар қала жұртшылығы алдында аймақтық штаб жетекшісі Садыржан Жекенов сөз сөйледі.
С.Жекенов экологиялық түйткілдердің өзектілігіне тоқталып, экологиялық проблемаларды дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.
«Біз туындаған экологиялық сын-қатерлерге дер кезінде тойтарыс беріп, қоршаған ортаның ластануы, су мен топырақтың құнарсыздануы сынды мәселелерді тез арада шешуіміз керек. Ең бастысы, бұл проблемалардың туындауына жол бермеу маңызды. Бұл жерде азаматтардың өзі де саналы түрде түсіністік танытулары қажет.
Сонымен қатар экологиялық-ағартушылық қызметке де ерекше назар бөлген жөн.
Біз экология туралы білімді, қауіпсіз әрі экологилық таза ортада өмір сүру қағидаларын, табиғат пен адамзатты қоршаған айнала туралы білімдіқоғам санасына сіңіре білуіміз керек», - деп атап өтті С.Жекенов.