Б. САПАРБАЕВ «АРАЛТҰЗ» АҚ МЕН ҚАМБАШ БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» акционерлік қоғамында жалғасты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Мұнда қонақтарды аудан әкімі Абзал Мұхимов пен компания президенті Айдынбек Тауасаров күтіп алды.
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты облыс басшысы Қырымбек Көшербаев жаңа зауыттың жұмыс барысымен таныстырды. Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өтті. Бұдан кейін ол ауылдағы №19 орта мектепке аялдап, білім ордасының тыныс-тіршілігін көрді. Мұнан әрі жұмыс тобы «Қамбаш» балаларды оқыту-сауықтыру орталығына барды. Мұнда олар демалыс орталығының жай-күйімен танысты. Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев қонақтарға демалыс орталығының қызметі және алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы айтып өтті.