ТАЙҚАЗАН СЫРДАН АРҚАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» эстафетасының символы Тайқазанды Қарағанды облысына табыстау рәсімі болып өтті. Шараны облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ашып, ҚХА аясында атқарылған қайырымдылық жұмыстарын сөз етті. Сондай-ақ, ізгі істердің іске асуына ұйытқы болған ұйымға ризашылығын білдірді.
− Бүгінгі шара республиканың батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып отырған мейірімділік пен береке-бірліктің символына айналып отыр. Тайқазан – береке-бірлік пен тату тірліктің, молшылық пен тоқшылықтың, мейірім мен қайырымның нышаны. Елбасы «Алаштың анасы» деп атаған Сыр өңіріде игі, әрі, қайырымды істермен осы Тайқазанды толықтырып, жалғасын тапсын деген тілекпен Қарағандыға табыстайтын болады. Қайырымды болу –адамгершіліктің белгісі. Жанарына мұң, жүрегіне үрей ұялаған жандардың жанынан табылып, қолымыздан келгенше қолдау көрсету біздің парызымыз. Сондықтан осынау бастаманы көтеріп, ұйымдастырған ҚХА ризашылық білдіреміз. Халқымыздың пейілі түзу, ниеті оң, жүрек жылуы ешқашан сарқылмасын, -деген Р.Кенжеханұлы қайырымды істер жазылған киіз үй макетін тайқазанға салды.
Мұнан соң тайқазанды Қазақстан халқы Қарағанды облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Гүлфайруз Рымбекеова бастаған делегаттарға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйла Төрешова табыстады. Өз кезектерінде қарағандылық қонақтар игі істерге толы Тайқазанды Арқа төріне жауапкершілікпен жеткізетіндіктерін айтып, Сыр еліне алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, тайқазанның көшірмесі ақпан айының басында Түркістаннан Астанаға әкелінген. Яғни, Ассамблея жылының ашылу салтанатында өз шеруін бастаған тайқазан еліміздің барлық жерін аралап, 10 сәуірде Сыр еліне Қостанайдан жеткізілген болатын.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ