АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН СЕМИНАР БОЛДЫ
2015 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласында сайлауды ұйымдастырушылармен және сайлау процесіне қатысушылармен 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері жөнінде семинар болды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Ортсайлауком Төрағасының орынбасары В.Фоос, Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен, ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М.Мұхаметова, Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Доспанов, қаланың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен мүшелері, аудан әкімдері аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдары, прокуратураның, ІІД-нің, ХҚКО-ның өкілдері, халықаралық және отандық байқаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қатысты. Барлығы шамамен 2800 адам.
Жиналғандарға арналған сөзінде В.Фоос: «алдағы Мемлекет Басшысының сайлауы – бұл сайлау процесіне қатысушылардың бәріне үлкен жауапкершілікті жүктейтін ел өміріндегі маңызды саяси оқиға», - деп атап көрсетті.
«Спикерлердің сөйлеген сөздері, сондай-ақ белсенді пікір алмасу барлығыңыз үшін пайдалы болатынына, ал бүгін алған мағлұматтарды учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі өздерінің тікелей жұмысында табысты пайдаланатындарына сенім білдіремін», - деді ол.
Негізгі баяндамашы ретінде Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен сөз сөйледі, ол сайлау науқанын дайындау мен өткізуге байланысты сайлауды ұйымдастырушылар қызметінің негізгі аспектілерін, сондай-ақ дауыс беру күні олардың тікелей жүзеге асыратын сайлау рәсімдерін жан-жақты баяндады.
Электораттық науқанды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М.Мұхаметова іс-шараға қатысушыларға сайлауды қаржыландыру тәртібі туралы айтып берді.
Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Өмірәлиевтің сөйлеген сөзі Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлау науқанын өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға, сонымен қатар сайлау заңнамасының нормаларын бұзушылықтың құқықтық салдарына арналды.
Сайлау барысын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы Сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның Алматы филиалының төрағасы К.Шайх баяндады.
Болған ортақ пікірталас шеңберінде семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің неғұрлым өзекті мәселелерін, сайлау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы тиімділігін арттырудың нысандары мен әдістерін, сонымен қатар сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады.
Талқылауды қорытындылай келе, Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Доспанов: «Біздің ортақ және негізгі мақсатымыз – бұл сайлау науқанын сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 21