«ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 10 сәуір күні Қызылорда қаласында орналасқан №8 орта мектебінің ғимаратында жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында КТК өткізілді.
Ойын барысында балалар өмірден алынған әр түрлі әзілдер қойып, сыбайлас жемқорлық адамзатқа тән қылық емес екендігін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар патриоттық өлендер айтып, би биледі.
Шарада Департамент қызметкерлерімен жемқорлық көріністері қамтылған бейне-роликтер көрсетіліп, жемқорлық қоғамдық дерт екендігі, оның қоғамға тигізетін әсерінің зор екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Батырбаев әр азамат өз білімімен сапалы білім алып, алға қойған мақсаттарына өз қолымен жету қажет екендігін айтып, оқушыларға өз кеңестерін берді.