КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысына келді. Бұл жерде олар ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «ШевронМұнайГазИнк» компаниясының қызметкерлерімен кездесті.
Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, мәдениет пен өнер саласының өкілдері бар.
Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін «Жайық» спорт сарайына облыстың мыңдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөздерінде олар Қазақстанның табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелерінің Атырау облысының еңбек ардагерлерімен кездесуі болды.
Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өңірдің құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет басшысы саясатының әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты.
«Мемлекет басшысының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылды, соның арқасында әлемдегі түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан, біздің еліміз үшін ерекше маңызы зор бірегей жәдігерлер табылып, Қазақстанға әкелінді», - деді Ілия Жақанов.
Өз кезегінде еңбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақстандықтардың - ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамбеясының атқарып жатқан қызметінің зор екенін атап өтті.
«Ассамблеяның әр сессиясында, әр форумында біздің Елбасымыз бейбітшілікті, келісім мен халықтардың бірлігін үнемі жақтаумен келеді. Біздің бәрімізге - Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңайына топтасқан - бір ұлт екенімізді түсінудің маңызы зор», - деді Любовь Монастырская.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерімен жүздесті. Ұжымның атынан зауыт қызметкері Әлфия Гумерова сөз сөйледі. Ол еңбек адамының қажеттілігін Мемлекет басшысының біреулерден есту арқылы ғана білмейтінін және еліміздегі барлық еңбеккерлердің оның қамқорлығын сезетінін атап өтті.
«Елбасы біздің аймақтың дамуына әрқашанда ерекше көңіл бөлді. Бүгінгі күні біздің зауытта екі көлемді инвестжоба - хош иістелген көмірсутегі өндіру және тереңде өңделетін мұнай өнімдерін өндіру іске асырылуда. Зауыт заманауи үлгілер бойынша жабдықталған, жаңа технологиялар енгізілуде. Біздің аймаққа көптеген миллиард инвестициялар тартқан Нұрсұлтан Назарбаев болмағанда, осының бірі де болмас еді», - деп атап айтты Ә.Гумерова.
Зауыт жұмысшылары да Еңбек Адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты.
«Өндіріс цехының жұмысшысы ретінде мен жыл сайын бізде жаңа жұмыс орындарының пайда болуының, еңбек жағдайының жақсаруының, жетістіктерміздің артуының куәсімін. Осының бәрі біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады, сондықтан да мен өз отбасымның игілігі үшін, яғни, еліміздің игілігі үшін еңбек етемін және менің елімнің гүлдене түсуі үшін Елбасына дауыс беремін!», - деді Атырау мұнай өндіру зауытының хош иістелген көмірсутегі өндіру кешенінің операторы Қасиет Лұқпанов.
Кездесулер барысында Атырау облысының халқы алдағы сайлауда өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.

Комментарии 25