КАНДИДАТ Т.СЫЗДЫҚОВ ОРАЛДА БҚАТУ СТУДЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Орал қаласында Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді.
ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы - коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз. Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда.
Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр. Бүгінде дәрігерлер батыс елдеріндегі тұрғындар арасында семіздіктің өршуін тез тамақтану немесе фаст-фудтың кесірі деп біледі. Фаст-фуд тағамдарының кері әсеріне қарамастан үлкен қалаларда оның тұтынушылары күн санап өсуде. Тұтастай алғанда, фаст-фуд секілді тез дайындалатын өнімдер, газды сусындар - медиа жарнамалардың арқасында әлемге тез таралып кетті. Түрлі арнайы дәмдеуіштер және тез дайындалатын тағамдарды тұрақты қолдануыларына бой алдырту арқылы фаст фуд тағамдарынан бүгінде қауіп туындауда. Мұндай тағамдарды сатып алатын және қолданатын әлемнің барлық адамдары, әсіресе жастар батыстық корпорациялардың пайдасы үшін өз денсаулықтарын және өмірлерін қатерге тігеді. Фаст-фудтың құрамында көптеген консерванттар, ас дәмдеуіштер, бояулар, тағам қоспалары секілді түрлі химиялық қоспалар бар екендігі ғалымдар тарапынан дәлелденді. Сонымен қатар, оның құрамына денсаулық зиянды мөлшерден тыс қант және тұз қосылады. Әрбір гамбургердің құрамындағы қатерлі және белгісіз токсинді заттар трансмайлар - канцерогендер түрлі қатерлі ісік ауруларына шалдықтырып, адам ағзасын бой алдыртып және біртіндеп улауда.
Т.Сыздықовтың айтуынша, фаст фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер береді.
- Көптеген елдерде фаст фудтың кесірінен туындаған семіздік ауруы ұлтқа төнген қауіппен теңестірілген. Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз-ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық қолданушыларға арналған медиа-өнімдерді автоматты түрде қолданатын тұтынушыларға айналады. Бұның қатарына жеңіл өмірді суреттейтін, жалғанға толы және жансыз өнімдерді жатқызуға болады, - деді Т.Сыздықов.
Т.Сыздықовтың ойынша әсіресе, батыстық мультфильмдер және компьютерлік ойындар көңілге кірбің ұялатады. Телевизор және гаджеттердің экрандарынан тек қана арамзалық, азғындық және мәдениетсіздік төгілуде. Кездесу соңында президенттікке кандидат Т.Сыздықов студенттер және оқытушылардың кейбір сұрақтарына жауап беріп өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті. Одан әрі кездесу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі С.Жарылғасымов сөз алып, қысқаша түрде сайлауалды науқанның насихат жұмыстары және іс-шаралар туралы айтып берді.

Комментарии 19