БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады деп күтілуде, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады, солтүстікте бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған. Ақмола, Қостанай, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман басады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңғы уақытта тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында, солтүстік-батысында және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.