ОСК ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАН ТАҒЫ 44 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 44 байқаушыны аккредиттеді.
2015 жылғы 14 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша төрт халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 44 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 25-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі – Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, сондай-ақ үш байқаушы – Қытай Халық Республикасынан, 2-еуі – Молдова Республикасынан және бір-бірден – Хорватия Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.
Осылайша, 2015 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі және Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 33 шет мемлекеттен 469 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 134 өкілін аккредиттеді.
Осы сәтке шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік БАҚ-тардың өкілдері, барлығы 630 адам аккредиттелді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 11