ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ БҚО-ДА БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Н,Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Орал қаласының студент жастарымен, БҚО машина жасау компаниясы мен "АКАС" агрофирмасының жұмысшыларымен және этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Делегация құрамында – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар бар.
Күннің бірінші жартысында штаб өкілдері Батыс Қазақстанның машина жасаушыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар Президенттің ҮИИД бағдарламасы арқасында олардың зауыттары Қазақстандағы өзге зауыттар секілді қарқынды түрде дамығандығын атап өтті.
"Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында индустриялық дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Жаңа инновацияларды енгізу, өндірістің жаңғыруы - мұның барлығы Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының арқасы" дейді зауыт жұмысшылары.
"Біздің Елбасының есімі Қазақстандағы тұрақтылықпен, ауызбіршілікпен тікелей байланысты. Қарапайым халыққа ең алдымен тыныштық, тұрақтылық, бейбітшілік қажет. Мұның барлығына Нұрсұлтан Әбішұлымен қол жеткіздік" дейді аталған зауыт жұмысшысы Татьяна Пантелеева.
Мұнан кейін штаб өкілдері облыстағы ең ірі ЖОО-ның бірі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің студент жастарымен кездесті. Университет жыл сайын 5000-ға жуық түлекті қанаттандырады.
Білімнің сапасы мен жастарды қолдау мәселесі Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Соның бір айғағы ретінде "Болашақ" бағдарламасын айтуға болады. Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан айтулы жобаның арқасында ондаған мың қазақ студенті әлемнің ең үздік университеттерінде білімдерін жетілдірді. Сондықтан да, Қазақстанның жастары Н.Назарбаевты қолдайды" дейді аталған экономика факультетінің түлегі Зәмзәгүл Сұлтанова.
Күннің екінші жартысында республикалық сайлауалды штаб өкілдері "Ақас" Агрофирма" сүт өнімдері фермасының жұмысшыларымен кездесті.
"Біздің Президент еңбектенуші халық Қазақстанда ешқашан жұмыссыз қалмайды деп айтқан болатын. Елбасы бізге қорған болып отыр. Сондықтан біз Нұрсұлтан Әбішұлының бұдан әрі де елді басқаруын қалаймыз" дейді ферма жұмысшысы Әлия Жұмашева.
Сонымен қатар, штаб өкілдері этномәдени орталықтардың өкілдерімен де кездесті. Бүгінде өңірде 90-нан астам этностың өкілдері өмір сүруде және 48 этномәдени орталық жұмыс істеп тұр.