САЙЛАУ-2015: Т.СЫЗДЫҚОВ САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Астана қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов пен Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті. Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұхбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды.
Тұрғын Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысын хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.
- Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар, мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз өткізуге толық мүмкіндік береді, - деп атап өтті кандидат.
Айқын Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.
Сайлау науқаны басталғалы бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа жуық Интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы 100 деген материал және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті.
ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстанда болды.
Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарының 203 қалалық және аудандық комитет, 2000-нан аса бастапқы партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған.
Кездесу соңында, қос тарап кездесу барысында ашық және пайдалы сұхбат болғандығын атап өтті.