ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ПАРАДЫНА ҰШҚЫШТАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Балқаш қаласының маңында орналасқан 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери-көліктік авиациясы ұшу құрамының жиыны басталды.
«Жиынға 7 авиациялық техника қатысуда. Оның құрамына С-295, Ан-72, Ан-26 ұшақтары және ұшу-көтеру құрамының 33 әскери қызметшісі тартылған. Бұл жиынның мақсаты - экипаждарды топ құрамында үйлесімді ұшуға дайындау. Олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта сап түзеп ұшатын болады», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.
Жиын ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы басқармасындағы тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардың жетекшілігімен өткізілуде. Нұсқаушы ұшқыштар жас буынмен өздерінің бай тәжірибесімен бөліспек. Жиын барысындағы ұшулар бірнеше ұшақтан құралған топпен ең төмен биіктікте, парадтағы ұшуларға барынша ұқсас жағдайларда орындалып, онда ұшқыштар өз шеберліктерін қосымша пысықтай түсетіндіктерін атап өткен жөн.