ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
Құрметті сайлаушылар!
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 10 сәуірден бастап әр азамат сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінде тексере алатынын хабарлайды.
Конституцияға және сайлау заңнамасына сәйкес он сегіз жасқа толған әр азаматтың сайлауда дауыс беру құқығы бар.
Сайлаушының бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімдерін жасайды және мәліметтердің растығы мен толықтығына жауапты болады.
Азаматты нақтылы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұратын жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
5 сәуірде сайлау туралы заңға сәйкес әкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін тапсырды. Әкімдіктердің, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдардың сайлаушылар тізімдерін нақтылау бойынша бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесінде белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың жалпы саны 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 213 мың адамға артты.
10 сәуірден бастап сайлаушылардың жаңартылған тізімдері учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында танысу үшін ұсынылады және әрбір сайлаушы өзі туралы деректерді тікелей сайлау учаскелерінде дауыс беру күніне дейін және сайлау күні тексере алады.
Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын құжаттармен (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы) келіп, сайлаушылар тізімімен мұқият танысу қажет.
Мекенжай анықтамасын сайлаушы халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО), «электрондық үкімет» порталында (электрондық-сандық қолтаңбасы - ЭСҚ-сы болған жағдайда) немесе ХҚО-да орналасқан ҚҚП-терминалдан ЖСН арқылы ала алады.
Сайлаушының тегі тізімде болмаған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктер жіберілген жағдайда, сайлаушы көрсетілген құжаттар негізінде өзін тізімге кіргізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ОСК олардың кедергісіз және қауіпсіз кіріп-шығуы үшін сайлау учаскелерін мүмкіндігінше құралдармен (арнайы пандустар, тұтқалар және т.б.) жабдықтау туралы өтінішпен әкімдіктерге жүгінді.
Сайлаушылар туралы ақпаратты нақтылау үшін республиканың әрбір ауданы мен қаласында мамандандырылған Call-орталық құрылды. Ел бойынша олардың саны 441. Өзінің ауданындағы немесе қаласындағы Call-орталығына телефон шалып, сайлаушы сондай-ақ өзінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені, қай сайлау учаскесінде тіркелгені туралы мәліметтерді біліп, сонымен қатар өзі туралы деректерді тексере алады. Call-орталықтарының телефондары туралы ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтар енгізіледі.
Әскери бөлiмдер бойынша оларда тұратын әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскери бөлiмдерден тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi.
Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген азаматтар учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасының азаматы деген жарамды паспорты болса, сондай-ақ сайлаушылар тiзiмiне енгізілуі тиіс.
Жатақханаларда тұратын, күндізгі бөлімде оқитын студенттер мен аспиранттар жатақхананың тұрған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі, ал жатақханада тұрмайтындар ХҚО-ға жүгініп, жатақхананың немесе ЖОО-ның орналасқан мекенжайы бойынша уақытша тіркеле алады. Бұдан кейін олар сондай-ақ жатақхананың немесе ЖОО-ның орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Еліміздің заңнамасы өз мекенінен тыс жерлерде болатын сайлаушыларға республика көлемінде кез келген учаскеде дауыс беруге құқық беру мүмкіндігін қарастырған.
Бүгін 10 сәуірден бастап 25 сәуір күнгі сағат кешкі 18.00 – ге дейін сайлаушы тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясында жазбаша өтініші мен жеке куәлігін ұсынып есептен шығару куәлігін ала алады.
Тіркелгенінен басқа елді мекенде тұрып жатқан, өз учаскесіне келіп есептен шығару куәлігін алатын мүмкіндігі жоқ сайлаушылар өзі сенім білдіретін тұлғаға нотариат растаған сенімхатының негізінде есептен шығару куәлігін алдыруға құқылы.
Бұл ретте бір елді мекеннің шегінде есептен шығару куәліктері берілмейтінін есте сақтау маңызды.
Дауыс беру күні есептен шығару куәлігі мен сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы оны барған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды белсенді болуға және өзі туралы деректерді сайлаушылар тізімдерінен уақтылы тексеруге шақырады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы