ДОСТЫҚ КҮМБЕЗІ
Сырдария ауданындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті. Шараға аудандық білім бөлімі ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлбәр Әбілқызы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы Сырдария ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперт Арайлым Қасымова қатысты. Кеште Г.Әбілқызы атаулы мерекемен жиналғандарды құттықтады.
- Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма үш жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігіміз бен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 23 жыл ішінде Қазақстанды әлем елдері танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде! Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Сол киелі шаңырақтың бекігеніне биыл 20 жыл. Мерекелеріңіз құтты болсын, - деді.
Концертте аудандағы халықтық ұжым, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, дипломанттары мен лауреаттар өнер көрсетті. Олар «Влюбленный солдат», «Сөнбейді әже шырағың!», «Көкпар», «Свети земля моя» және тағы басқа әндер айтып, өзге ұлттық билерін биледі. Әсіресе, бүлдіршіндердің орындауындағы әндер көпшілікті бір марқайтты.