КАНДИДАТ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 10 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қызылорда облысына барып, Сыр өңірінің облыс активімен, теміржолшыларымен және фермерлерімен кездесулер өткізді.
Делегация құрамында ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар бар.
Қызылорда облысының активімен кездесу Нартай Бекежанов атындағы драма театр ғимаратында өтті. Сыр өңірінің тұрғындары аймақтың дамуына Елбасының ерекше еңбек сіңіргенін атап өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов облыс тұрғындары атынан Президентке Арал теңізін құтқару жолында сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бөгет салынғанының арқасында су деңгейі 12 метрге көтерілді, ал Арал қаласы мен теңіз арасындағы арақашықтық 100 шақырымнан 20 шақырымға дейін қысқарды. Өңірде балық шаруашылығы қайтадан жандана бастады», - деді С.Шаухаманов.
«90-жылдары Арал проблемасы бүкіләлемдік қауымдастық назарында болды, алайда Мемлекет басшысы аймақты құтқарып қалды әрі оған жаңа дем бітірді», - деп атап өтті «Арал балық» зауытының жұмыскері Айшабақ Байтімова.
Сондай-ақ РҚШ мүшелері вагон жөндеу депосында болды.
«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» стратегиялық жобасы - теміржол тарихына алтын әріппен жазылған жоба. Кезінде осы арақашықтықты қосу арман еді. Бүгінде Елбасы осы арманды жүзеге асырды. «Сексеуіл-Қоскөл» темір жолы 363 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Соның ішінде мен де бармын, жас маман ретінде Сексеуіл стансасында жас жұмысшыларға арнап салынған жаңа үйден пәтер алдым. Жаңа магистральдар - тәуелсіздігіміздің үлкен жетістігі, бұл Елбасының еңбегі!» - деді жас теміржолшы Нұрлан Өрекешев.
Кездесуде автожолшылар атынан «Қазжолжоба» ЖШС жұмысшысы Юрий Немченко сөз алды. Ол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасы мен «Қызылорда - Жезқазған» автожолының өңір үшін қаншалықты маңызға ие болғанын айтып берді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған бұл ауқымды жобалар мыңдаған қызылордалықтарды жұмыспен қамтып қана қоймай, ең бастысы, олар нағыз «өмір жолына» айналып, түгел облысты «асырап» отыр», - деп тоқталды Ю.Немченко.
Түстен кейін РҚШ мүшелері аймақ фермерлерімен кездесті. Олар аграрлық секторға қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
«Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары өз болашағына сеніммен қарайды, өйткені елімізде бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған, аграршылар астық егіп, мал шаруашылығымен айналысады. Олар ертеңіне сенімді, Ұлт Көшбасшысына сенеді, себебі Елбасы саясаты жасампаздық пен табысқа бағытталған», - деп атап кетті өз сөзінде Жалағаш ауданынан келген фермер Әліби Бекжанов.
Қызылорда облысының тұрғындары 26 сәуір күні Ұлт Көшбасшысына дауыс беретіндіктеріне сендірді, өйткені Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі болып табылады.

Комментарии 10