Ә.ҚҰСАЙЫНОВ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ КОРНЕЛИЯ ЙОНКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Астана қаласындағы республикалық штабында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерін республикалық штабтың жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді.
«Бүгінге дейін 5 аймақты аралап, Астана қаласында бірнеше кездесу өткізіп үлгердік. Жалпы алғанда, сайлаушылармен 12 кездесу өткізіп, онда сайлауалды бағдарламаммен таныстырдым, сайлаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердім», - деді Ә.Құсайынов.
Сонымен қатар Ә.Құсайынов аймақтық сайлауалды штабтарында 200-ден аса сенімді тұлғасы жұмыс істеп, олар да сайлаушылармен кездесу өткізіп, сондай-ақ өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын түсіндірумен айналысатынын атап өтті. Сондай-ақ ол осы жылдың 20 сәуіріне жоспарланған Астанада өтетін аймақтық сайлауалды штабтарының слеті туралы айтып, ЕҚЫҰ өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырды. Аймақтық штабтардың слетінде үгіт-насихат жұмыстарының алдынала қорытындысын шығарып, аймақтық штаб жетекшілерінің атқарылған жұмыстар жайлы есептерін тыңдау жоспарланған.
Ә.Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерінің назарын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі жұмысын ешқандай кедергісіз жүргізіп жатқанына аудартып, аймақтардағы барлық кездесулері заңға сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар барлық қажетті кеңестерді шұғыл ұсынып отырған аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің ашықтығы мен біліктілігін ескерді.
ҚР Президенттігіне кандидат сондай-ақ БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнатып, жемісті жұмыс жастап жатқандарын назарға алды.
«Барлық республикалық телеарналар іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу үшін өз алаңдарын ұсынып отыр. Үгіт-насихат роликтері медиа-жоспарымызға сәйкес эфирге шығып жатыр. Жалпыұлттық газеттерде менің сайлауалды бағдарламам жарияланып, үгіт-насихат модульдеріміз орналастырылды. Жалпы, республикалық деңгейде болсын, аймақтық деңгейде болсын, біз жүргізген сайлауалды науқанын ақпараттық сүйемелдеу барысына көңілім толады», - деді Ә.Құсайынов.
Ә.Құсайынов атап өткендей, сайлау науқаны Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына толық сәйкестікте өтіп жатыр.
Одан бөлек, ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу кезінде ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сайлау науқаны аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында әңгімелеп берді.
Атап айтқанда, ол ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың елордадағы және аймақтардағы штабтары ыңғайлы жерде орналасқанына тоқталды. Оның айтуынша, штабтарға консультациялық қолдауды Орталық сайлау комиссиясы, облыстардағы аумақтық сайлау комиссиялары көрсетіп отыр.
Үгіт науқаны қарсаңында қажетті көлемде үгіт-насихат материалдары әзірленді. Мысалға, Астана мен Алматы қалаларында әрқайсысында 4 билбордтан, облыс орталықтарында 2 билбордтан, сонымен қатар Жезқазған мен Семей қалаларында бір-бір билбордтан ілінді.
Плакаттар әзірленіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы (50 мың плакат пен сайлауалды бағдарламасының 3 мың данасы) басып шығарылды.
Жалпы, Р.Жоламан атап өткендей, сайлауалды науқанын толыққанды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
* * *
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов «Тұран-Астана» студенттерімен және ұстаздарымен кездесті.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді. Бұл – дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат.
Кандидаттың айтуынша, әлемдік экологиялық мәселелерге тиісті деңгейде назар бөлінбеуі оның маңыздылығын түсінуде кедергі болып отыр.
«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады.
Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл өте күрделі мәселе», - деді Ә.Құсайынов.
Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті.Мысалға, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.
«Экология – біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл туралы мектеп қабырғасынан бері айтылып келеді, бірақ нақты іске келгенде мәселенің өзектілігі жойылар емес.
Мысалға, жаһандық жылыну проблемасын алайық. 20 ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», - деді Әбілғазы Құсайынов.
Кандидаттың келтірген мәліметі бойынша, 19 ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат, бірақ халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді дейді ол.
Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама. Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің жайлыалаңдатады.
Студенттермен және ұстаздармен кездесу кезінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
«Біздің заманымызда экология – шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын, бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының таяздануы күн тәртібіндегі күрделі мәселеге айналды.
Сондықтан да біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталмыш мәселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор үнемі таза ауа, құнарлы жер, ауызсу көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мәселелерді меңзейді», - деді Р.Жоламан.
Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.
«Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек, ол – әр адамның, әрқайсымыздың басты міндетіміз», - деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.

Комментарии 2