БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН ОҚУ ОРЫНДАРЫН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАДЫ
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі базасында Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Қызылорда облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Достық күмбезі» атты мерекелік концерт болып өтті.
Халықтар достастығын паш еткен іс-шараға Қызылорда облысының Жастарды қолдау орталығыны, этно мәдени орталықтар, басқармалар өкілдері қатысты. «Ассамблея-бірлікке бастар жол» тақырыбында өткен мерекелік салтанатта әннен шашу шашылып, жырдан маржан төгіліп, биден өрнек қерілді. Орыс жігіттері қазақ әндерін әуелетсе, кәріс қызы Нұрғисаның күйлерін тамылжыта орындады. Түрік қыздары мың бұрала би билеп, қазақ жігіті Нартайдың термесін тебірентті. Шара барысында ұйымшылдық пен белсенділік танытқан оқу орындарын білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев Алғыс хатпен марапаттады.