ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БАЗАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫН ӘЗІРЛЕДІ
Елбасының «Қазақстан 2050 Стратегиясы»- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында басты басымдылықтың бірі - электрондық медицина қызметін енгізу болып белгіленген.
Осыған байланысты, 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Министрлік Жол картасын әзірледі. Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылы алғашқы басты стандарттар әзірленіп, бекітілді.
Базалық стандарттарды дайындау барысында халықаралық консультанттардың ұсыныстары ескерілді. Стандарт жобалары жұртшылықен алдын ала Министрліктің форумы мен ресми сайтында талқыланды.
Тұжырымдамада бүгінгі таңда электрондық денсаулық сақтауды стандарттаудағы 4 негізгі бағыты анықталды. Олар - медициналық жазба мен электрондық денсаулық сақтау паспортына, қазіргі денсаулық сақтау тараптарының сәйкестендірілуіне; электрондық бағыттарды жүзеге асыру мен реттеуге және дәрілік заттардың бірыңғай жіктеушілеріне, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға стандартты талаптар; е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелермен қарым-қатынасына техникалық талаптар; ақпараттық қауіпсіздік пен қызығушылығы бар жақтардың қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі регламенттер, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді жеткізуші.
Денсаулық сақтаудың электрондық төлқұжатына стандартты талаптар – электрондық денсаулық сақтау саласындағы өзара байланысты одан әрі жалғастыруда негізге алынатын басты құжат болып табылады.
Электрондық медициналық жазбаға стандартты талаптар стационарлар бөлімдері, емханалардың консультативті-диагностикалық бөлімдері, жедел жәрдем қызметі мен бөлімдері, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының деңгейлерінде қалыптасатын электрондық денсаулық сақтау паспортының ажыратылмайтын бөлігіне деген талаптарды реттейді.
Денсаулық сақтау саласының қолданыстағы жақтарын сәйкестендіруге қойылатын стандартты талаптар пациент, медициналық ұйым қызметкерлерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының қарым-қатынасы үстінде медициналық көмек көрсету барысында электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі мағлұмат пен ақпараттардың тұтастығын қамтамасыз етеді .
Электрондық денсаулық сақтауды стандарттаудың қалыптасуындағы алғашқы қадам жасалды. Техникалық комитет жұмысы алдағы уақытта денсаулық сақтаудың электрондық паспорты мен электрондық медициналық жазбаға деген стандартты талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарының деңгейіне жеткізуі тиіс.
ҚР ДСМ баспасөз қызметі