ОСК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ТАҒЫ 50 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
2015 жылғы 10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 50 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 37-сі – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 2-еуі – ШЫҰ-нан байқаушылар Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ екі байқаушыдан – Латвия Республикасынан, Румыния мен Украинадан, сондай-ақ бір байқаушы – Эстония Республикасынан.
Осылайша, 2015 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі мен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 32 шет мемлекеттен 452 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 134 өкілін аккредиттеді. Қазіргі жағдай бойынша барлығы 586 байқаушы аккредиттелді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі