ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА 6 АДАМ ВИЧ ЖҰҚТЫРҒАН
Қызылорда обылсы ВИЧ-инфекциясын жұқтыру деңгейі ең төмен өңір болып қала беруде. Бұл туралы BNews.kz облыстық ЖИТС-тің (СПИД) алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қанат Шушаев мәлім етті.
«Бүгінде өңірдегі эпиджағдай үрдісі былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген, - деді ол. – Былтырдың өзінде тіркелу көрсеткіші көп болған жоқ. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында АИТВ індетін жұқтырған 8 адамды тіркедік. Биылжы жартыжылдықта – облыс бойынша 6 адам. Қызылорда облысы Қазақстан Республикасында АИТВ індетін жұқтырғандар ең аз тіркелген өңір болып табылады. Жалпы алғанда, елімізде дертті тіркеу науқаны басталғалы бері өңір бойынша 68 жағдай анықталды».
Айта кету керек, өңірде тіркелген АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың 5-еуі – әйел, біреуі – ер адам. Оның ішінде үшеуі 30 жастан асқан. АИТВ инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайында дерт жыныстық жолмен берілген. Әлеуметтік-кәсіби құрылымына қарай, олардың 3-еуі жұмыс істейді, 3-еуі – жұмыссыз.