ИЛЬЯ ИЛЬИН МЕН ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА «ЖАС ОТАН» ЖҚ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНЕ САЙЛАНДЫ
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова бүгін Астана қаласында «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ Съезі барысында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Орталық кеңесіне сайланды, деп хабарлайды nurotan.kz.
«Орталық кеңестің құрамына «Жас Отан» ЖҚ-ның аймақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының өкілдері мен жас кәсіпкерлер кіріп отыр. Мысалы, спортшы Илья Ильин, шахматшы Динара Сәдуақасова, әнші Ибрагим Ескендір, «Қазақстанның КТК Одағы» РҚҰ президенті Есентүгел Елеукен және басқалары бар», делінген хабарламада.
Бүгінде Орталық кеңес 1,5 миллион азаматтың мүддесіне қызмет етеді. Қайта жасақталған кеңес 68 пайызға жаңарды. Олардың жас шамасы 28-ден 26-ға дейін төмендетілді, әйелдер саны 4 пайызға артты, өзге ұлттың өкілдері де 10 пайызға өскен.
Айта кетейік, Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өткен болатын. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат қатысты, олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары және басқалары бар. Съезде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлі талқыланды, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы қабылданды.