ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Қызылорда облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай «Ұмытылмас ерлік - өшпес даңқ!» атты ардагерлерді ардақтаған мерекелік шара болып өтті.
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жеңістің 70 жылдығын өздерінің мерейтойымен ұштастырған бір топ қала ардагерлерін құттықтап, болашақ ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман, еңбектегі теңдесі жоқ ерліктері үшін алғысын білдірді.
- 2015 жыл – ТМД елдерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Ардагерлер жылы болып жарияланғаны белгілі. Қар жастанып, мұз бүркеніп, қан кешіп, бар қиындыққа төзіп, жер жаһанға бейбітшілікті өз қолымен сыйлаған майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Қазақта «Қос тойың қабат болсын, екі өмірің абат болсын» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай ардагерлеріміз биыл екі қуанышты қатар атап өтпек. Бірі - Жеңістің 70 жылдығы болса, екіншісі - 95 және 90 жылдық мерейтойларын бала-шаға, ағайын-туыстың ортасында қарсы алады, - деген аймақ басшысы ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Салтанатты шараға келген 12 ардагерге шапан жауып, «Жеңістің 70 жылдығы» медалін және ақшалай сертификат табыстады.
Шара барысында Қызылорда қалалық №2019 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді ойнап, қаладағы 41 ҰОС ардагерлерінің фотосурет және соғыс жылдарындағы заттарынан экспонат көрме ұйымдастырылды. Осы шара Жеңіс күніне орайластырып, ардагерлердің құрметіне барлық елді мекендерде өтетін мерекелік айлықтың ресми басталуы болмақ.
Айта кетейік, облыста қазір 92 ҰОС ардагері бар. Соның 9-ы Жеңістің 70 жылдығына орай Астана қаласында өтетін шеруге қатысады.