Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 9 сәуір күні ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына сапарының екінші күнінде ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Шымкент кәсіпорындарының жұмыскерлерімен кездесті.
Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, спортшылар бар.
Кездесу барысында Шымкент кардиологиялық орталығының бас дәрігері Спандиар Бекжігітов Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан сапалы өзгерістер өмірдің барлық саласына, әсіресе медицинаға оң әсер еткенін атап өтті.
«Бізде озық ауруханалар мен емханалар салынуда. Мәселен, біздің тұрғындарға енді ота жасау үшін Астанаға барудың қажеті жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы салаға көңіл бөлуінің арқасында Шымкент кардиохирургиялық орталығы үздік еуропалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, біздің дәрігерлер шетелде дайындықтан өтті және қазіргі таңда күрделі оталарды біз өзіміз жасаймыз», - деп атап өтті С. Бекжігітов.
Оңтүстікқазақстандық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий Мемлекет басшысының мәдениеттің дамуы мен халықтың руханиятына әрқашан ерекше көңіл бөлгенін, ал тәуелсіздік жылдарында елде жүздеген мәдениет нысандарының салынғанын атап өтті. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан» Салтанат сарайы, «Көрме орталығы», облыстық «Отырар» кітапханасы, Салт-дәстүрлер орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы, этномәдени саябақ пен Жұмат Шанин атындағы драма театр ашылды.
«Өнер адамы үшін ең қымбаты - өз ойын еркін білдіру мүмкіндігі. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда осыған үлкен көңіл бөлінеді. Біздің мемлекетіміздің басшысы - рухы биік адам. Біз мұны жоғары бағалаймыз! Көшбасшымыз бүкіл елге ғана емес, әрбір қазақстандыққа қамқорлықпен қарайды», - деп мәлімдеді И.Вербицкий.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Шымкент қаласының индустриялық аймағының аумағында орналасқан кәсіпорындардың жұмыскерлерімен кездесті. Мемлекет басшысының көрсеткен қолдауының арқасында оның аумағында 74 миллиард теңгені құрайтын 60-тан астам жоба іске асырылып отыр.
Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер біздің елімізде Президент бизнестің дамуы үшін барлық қажетті шараларды жасағанын атап өтті. Нәтижесінде тек Оңтүстік Қазақстанның өзінде кәсіпкерлік саласы бір миллион үш жүз мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Атап айтқанда, «Фирма «Дана» ЖШС директоры Мамадияр Қадырбеков аз ғана уақыттың ішінде индустриялық аймақ аумағында шыны зауытын құрып шыққанын айтты. «Мен өз басым Президенттің қолдауын көрдім деп сеніммен айта аламын. Себебі маған бұл жақтан коммуникациялары бар жер берілді, жұмысқа ыңғайлы жағдай жасалды. Егер Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіпшілерді қолдамағанда, бұның бірі де болмас еді», - деді М.Қадырбеков
Өз кезегінде «Тұран Скин» компаниясының жұмысшысы Татьяна Летуновская Президентке еңбек адамына деген қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді. «Мен шетелдерде зауыттардың жабылып, адамдардың жұмыссыз қалып жатқанын теледидардан көргенде түршіге қараймын. Елбасына бізді осындай келеңсіздіктен қорғап, жұмыс орындарын ашып жатқаны үшін алғыс айтамыз», - деді Т.Летуновская.