ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Т.СЫЗДЫҚОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ӨТКІЗГЕН ІС-ШАРАЛАРЫ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
«Бүгінде Жамбыл облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовты қолдауға арналған іс-шаралар өткізуде», - деп мәлім етті партия облыстық комитетінің жетекшісі Ж.Мамашева.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.
Тұтынушылыққа құрылған бағдар жастардың бағытын өзгертеді. Осындай ықпалға тап болғандар не нәрсеге өз күшімен қол жеткізуден бас тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді әдетке айналдырады.
Кандидаттың сенімді тұлғасы Г.Жұмабаева үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
«Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері.
Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.
Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклиптің немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайдылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», - дейді штаб мүшесі ҚКХП ұсынған кандитаттың бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді Г.Жұмабаева.
Облыстық комитет жетекшісі Ж.Мамашева мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».
«Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен Интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Батыстық өркениет елдері ақыл-ес ауытқуы мен генетикалық аурулар бойынша және ғаламдық семіздік рейтингінде көп бастап келеді. Осылайша олар өздерінің тегін жоғалтуда. Мұның бәріне салауатты өмір салтын ұстанбай, фаст-фуд пен басқа да генді-модификацияланған тағамдарды үздіксіз тұтынулары себеп.
Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандайда бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ондай елдің болашағы да жоқ.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.
Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады», - деді ол.
Кандидаттың Ақтөбе облысындағы сенімді тұлғасы Б.Жұмағұлова Тұрғын Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.
Оның айтуынша, штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің партиялық сайтымыз бен «Қазақстан коммунисті» деген газетіміз бар. Олардың көмегімен кез келген адам партия өмірімен кеңінен таныса алады», - деді Б.Жұмағұлова.
Кездесу барысында Тұрғын Сыздықов жиын қатысушыларын өз сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеясына, марксизм-ленинизм іліміне және прогрессивті қоғамдық ой-санаға негізделген.
Біз ғылыми коммунизмді сақтап қалу үшін үлкен қадам жасадық. Дамудың көпдеңгейлі кезеңінен өттік.
Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны бюракратияландыруға жол бермеу, даму үрдістерін болжау, ауыспалы жағдайда дер кезінде әрекет етудің тұрақты механизмдері жұмыс істейді.
Мұның бәрі күнделікті қажеттіліктерден туындап, бұқараның шынайы шығармашылығына сүйенген», - деді кандидат.
Т.Сыздықовтың айтуынша, партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың теріс ықпалы сынды мәселелерге баса назар бөледі.
«Батыс адами құндылықтар дағдарысын бастан кешіп отыр. Қоғам санасын тұтынушылық стандарттар, рухани жұтаңдық, зорлық-зомбылыққа негізделген идеялар билеп алған.
Төзімділік, мейірімділік, үлкенге құрмет, отбасылық өнеге, дәстүр, адамгершілік сынды қарапайым адами қасиеттер мүлде бөтен болып барады», - деген сөздерден бастады өз баяндамасын ҚР Президенттігіне кандидат.
Бұдан әрі Тұрғын Сыздықов жастар тәрбиесіне қатысты өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, әлем бойынша жастар сапалы классикалық шығармаларды оқудан қалды, есесіне зорлық-зомбылыққа толы голливудтік фильмдермен, боевиктермен, компьютерлік ойындармен, қатыгез музыкамен, азғындаған киім кию мен тәрбие сәніне санасын улауда.
«Мұның соңы неге алып келеді? Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тәрбиелеп, жеке қасиеттерін дамытып, оқуға, еңбектенуге, отбасы құруға деген құлшынысты жояды.
Бүгінде теледидар арқылы мультфильмдерден бастап, түрлі блокбастерлерге дейін батыстық өмір сүру салтын жаппай жарнамалап жатыр. Ол дегеніңіз – қорлау, қатыгездік, еріншектік, жауапсыздық, өмірге деген құлшыныстың жоқтығы», - деген пікірімен бөлісті кандидат.
Жаһандық жаңалықтар топтамасынан күнсайын жүгенсіздік пен жауапсыздық идеяларының жан түршіктірерлік салдарын көріп, естіп жатамыз.
Батыс мәдениеті бизнеске айналып, материалдық пайда іздеген мақсат оның басты шарты болды. Батыстық идеалдардың жетегінде кеткен тұтас ұлттар жеке бастың қамын өмірдің мәні деп түсінеді.
Осы жерде, жат қылықтардың ықпалына тез еретін жас буынды қатаң бақылауда ұстау қажет.
Бүгінде сол батыстың жастары тез әрі зиянды тамақтанудың, фаст-фудтың құрбанына айналып жатыр, планшет пен телефонға телміріп, бар уақытын әлеуметтік желілерде, Интернетте өткізуде. Мұндай өмір салты түбінде денсаулық пен адамгершілік қасиеттерден айырып, жалпы адам өмірін мәнсіз етеді. Шынайы өмірден қашамын деп, есірткі мен басқа да психотроптық тәуелділікке тап болып жатқандар қаншама.
Кандидаттың айтуынша, осының салдарынан қантөгіс пен қатыгездікке толы, адами қасиеттерден жүдеу елес өмір қалыптасып жатыр. Онда батыс адамдары қатыгездікті санасына сіңіріп, өздерінің өмір сүру моделіне айналдырды.
«Батыстық жауапсыз өмір стандарттары ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады. Салдарынан адамдар жанашырлық танытуды, дос болып, шынайы ғашық болуды ұмытты.
Батыстың ықпалымен көрсеқызарлыққа, қанағатсыздыққа, еңбексіз қарын тойдыруға үйрететін тәрбие алғандар кез келген теріс әрекетке дайын тұрады. Батыстық жат мәдениеттің баяндауымен жеңіл жетістікке жеткендерді ешбір моральдік құндылықтар мен тәрбие тура жолға қайта түсіре алмайды.
Сол себепті біздің бүгінгі міндетіміз – кез келген қоғамды құлдырауға ұшырататын батыстың жат мәдениетіне тиісті деңгейде тойтарыс беру», - деп қорытты Т.Сыздықов.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
«Бүгінде Жамбыл облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовты қолдауға арналған іс-шаралар өткізуде», - деп мәлім етті партия облыстық комитетінің жетекшісі Ж.Мамашева.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.
Тұтынушылыққа құрылған бағдар жастардың бағытын өзгертеді. Осындай ықпалға тап болғандар не нәрсеге өз күшімен қол жеткізуден бас тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді әдетке айналдырады.
Кандидаттың сенімді тұлғасы Г.Жұмабаева үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
«Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері.
Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.
Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклиптің немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайдылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», - дейді штаб мүшесі ҚКХП ұсынған кандитаттың бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді Г.Жұмабаева.
Облыстық комитет жетекшісі Ж.Мамашева мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».
***
Өз кезегінде Ақтөбе облыстық штабының жетекшісі Ж.Молдашев Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды. «Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен Интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Батыстық өркениет елдері ақыл-ес ауытқуы мен генетикалық аурулар бойынша және ғаламдық семіздік рейтингінде көп бастап келеді. Осылайша олар өздерінің тегін жоғалтуда. Мұның бәріне салауатты өмір салтын ұстанбай, фаст-фуд пен басқа да генді-модификацияланған тағамдарды үздіксіз тұтынулары себеп.
Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандайда бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ондай елдің болашағы да жоқ.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.
Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады», - деді ол.
Кандидаттың Ақтөбе облысындағы сенімді тұлғасы Б.Жұмағұлова Тұрғын Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.
Оның айтуынша, штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің партиялық сайтымыз бен «Қазақстан коммунисті» деген газетіміз бар. Олардың көмегімен кез келген адам партия өмірімен кеңінен таныса алады», - деді Б.Жұмағұлова.
***
Бүгін ҚКХП атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықов «Лифт» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Тұрғын Сыздықов жиын қатысушыларын өз сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.