МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Қазіргі сәтте еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтіп, қарт майдангерлерге құрмет көрсетілуде. Сондай құрмет пен көмекке қызылордалық ардагерлер де бөленуде. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен болған пресс-турда БАҚ өкілдері қариялардың үйінде болып, оларға жасалып жатқан игі бастамалардың куәсі болды.
Қан майданда от кешкен жауынгердің бірі Иван Онищенко. 17 жасында ұрыс даласына аттанып, жаяу әскер қатарында снайперші болған бүгінде 90-ға аяқ басқан. Ақсақалға кәсіпкерлер мен дербес бөлімдер тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Яғни, «Қызылорда сыр суы» ЖШС-ы майдангердің үйіне әрлеу, ақтау жұмыстарын жүргізіп, азық-түлікпен қамтамасыз етсе, «Нұрай» ЖШС-ы қаржылай көмек беруде.
Ал, Украина мен Польша қалаларын азат етуде болып, оң аяғынан айырылып елге оралған Шәмші Мырзабековтің үйіне «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ы толық күрделі жөндеу жұмыстарын жасаған. Қарияны «Дорстрой» ЖШС-ның қызметкерлері арнайы келіп құттықтап, мекеме атынан қаржылай көмектерін ұсынды. Қос қария өздеріне жасалған көмектерге дән риза.
Бүгінде Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 41 майдангер бар.