БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТКЕ БАРЛЫҒЫ 89 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ТҮСІРІЛДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаевтың өткен жылы атқарылған қорытындысы мен биылғы жылға міндеттері туралы брифинг өткізді.
- Осы күнге балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелердің 86 пайызы табиғат пайдаланушыларға бекітілген, ал қалған 28 резервтік қорда. Қызылорда облысы аумағында балық шаруашылығына жергілікті маңызы бар көлемі 44,0 мың гектарды құрайтын, 176 су айдындары мен халықаралық маңызы бар 328,8 мың гектар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені орналасқан. Ұлы теңіздің солтүстік беткейінде көлемі 140,0 мың га болатын артемия салина жұмыртқалары ауланатын Тұщыбас және Чернышева шығанақтары бар, - деді инспекция басшысы.
Облыстың су айдындарына өткен жылы 6725,8 тонна балық аулау лимиті бөлінген, босатылған рұқсат бойынша 6278,3 тоннасы игеріліп, алған рұқсаттары бойынша биылғы жылдың 15 ақпанына нақты 5257,2 тоннасы табиғат пайдаланушылармен ауланып отыр. «Балық ресурстарынан, оның ішінде кәсіпшілік балық аулаудан, мелиоративтік аулаудан және артемия жұмыртқаларын жинаудан республикалық бюджетке барлығы 89,0 млн теңге қаржы түсірілді», - дейді Ғ.Орақбаев.
Шынар БЕКБАН