ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҮШ ӘКІМДІГІ АНЫҚТАЛДЫ - САРАПТАМАЛЫҚ САУАЛНАМА
«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі облыс және руспубликалық маңыздағы қала әкімдіктерінің 2014 жылдың екінші тоқсанына қатысты сараптамалық сауалнама жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша, елорда әкімдігі үздік деп танылды. Екінші орын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бұйырса, үшінші орынға Қызылорда облысының әкімдігі жайғасты. Бұл рейтингтегі төртінші орында - Алматы әкімдігі. Бестікті Павлодар облысының әкімідігі тұйықтап тұр.
Зерттеу барысында сауалнама алу жолымен 50 сарапшыдан жауап алынды. Олар - бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдар және аналитикалық қауымдастық өкілдері.