БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс және солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды ауа ағымдарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі күтіледі. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.