АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР (ТРЕНИНГ) БОЛДЫ
2015 жылғы 8 сәуірде Ақмола облысында 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде аймақтық семинар (тренинг) болды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар жұмысына Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова, Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, Бурабай, Бұланды, Ақкөл және Еңбекшілдер аудандарының әкімдері аппараттарының басшылары, халықаралық және отандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Т. Охлопкова семинарға қатысушыларды сайлау ұйымдастырушылар қызметінің сайлау науқанын әзірлеу және өткізуге байланысты негізгі мәселелерімен таныстырды. Сондай-ақ сайлауды байқауды жүзеге асыру, сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі О. Добычинаның сөйлеген сөзінде сайлау заңнамасының нормаларын бұзудың құқықтық салдарына, сайлау рәсімдерін жүргізуде осындай заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау түрлері мен әдістеріне арналды. Болған пікірсайыс шеңберінде семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің неғұрлым өзекті мәселелерін, сондай-ақ дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру аспектілерін талқылады.
Әдістемелік құрал ретінде жиналғандарға дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының жүмысы туралы Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша дайындалған оқу фильмі ұсынылып, көрсетілді.
Семинар нәтижелерін қорытындылай келе, Т. Охлопкова: «Бүгін біз сайлау комиссияларының дауыс беру қарсаңындағы күнгі және дауыс беру күнгі іс-әрекеттерін жан-жақты талқыладық. Сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету және әр азаматтың өзінің конституциялық сайлау құқығын іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау сайлау ұйымдастырушылардың барлығының басты міндеті болып табылатынын тағы атап көрсеткім келеді», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі