МОЛ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАП ҚАЙТТЫ
«Магжан и К» ЖШС Қызылордалық компаниясының директор орынбасары МағжанЕралиев Германияға сапары туралы «Даму» Қорының қызметкерлерімен бөлісті.
Мағжан Ералиев 2013 жылы Халықаралық «ТуранПрофи» академиясында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өтті. Оқуды аяқтап, сертификат алған соң ол өз бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шетелдік тәжірибеге жіберілетін топтың ішінде болды. Қазақстан компанияларының топ-менеджерлері кезекті рет 4 апталық іс-тәжірибелі сапарға мемлекет қолдауымен барып қайтуға мүмкіндік тағы туды.
Мағжанның сөзінше, Германияда Қазақстандық компаниялардың топ-менеджерлері басқару негізіне дайындық бағдарламасынан өтті. Бағдарлама мақсаты менеджмент саласындағы немістің ноу-хау ақпараттарын және қатысушыларға экономикалық ойлауды дамыту мен әрекет етуді үйрететін неміс ұйымы сондай-ақ олардың менеджмент саласында жеке құзіреттілігін арттыруды үйрету болып табылады. Кәсіпкердің сөзінше, оқу барысына менеджмент саласындағы білімді арттыру жөніндегі семинар мен тренингтер енгізілген және екінші жағынан қатысушыларға немістің кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысымен танысу да жолға қойылған. Тренингтерде қатысушылар презентацияны кәсіби деңгейде жасауды, түрлі жағдайларда бизнес-келіссөздер жүргізу, серіктестермен іскерлік байланыстарды реттеуді үйренді.
- Біз түрлі тақырыптағы тренингтерге қатыстық, олардың ішінде «Маркетинг және коммуникациялар», «Презентацияны кәсіби деңгейде өткізу», «Персоналды басқару» және көптеген басқа да тақырыптар құзіреттілікті арттыруға өз септігін тигізеді. Әсіресе қатысушыларға қызықты болғаны Германиялық компанияларға барып, өндірістік процесспен танысу болды. Маған ерекше әсер қалдырған PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирмасы болды. Біздің мекеме Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания болып табылады. Сондықтан PETKUS фирмасы жеткізетін түрлі құрылғылар біздің өндіріске таптырмас жаңалық болар еді. Біз аталған компаниямен серіктестікке дайынбыз және тек құрылғыларды сатып алып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанға персоналымды оқыту үшін сол елден кәсіби мамандарды шақыртып, жаңа технологиялармен жұмыс жасау, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты өндіріске маңызды салаларға да қызметкерлерімді дайындау алдағы мақсатымыз, - деп бөлісті Мағжан Ералиев.
Барлығы Қызылорда облысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өтіп, АҚШ пен Германияға іс-тәжірибелік сапарға облыстың компанияларының 11 топ-менеджері барып, бүгінде шетелден алған тәжірибесін өз өндірістерінде сәтті қолдануда.