«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ САЙЛАУ БАЙҚАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Бүгін «Болашақ» университетінде ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалында сайлау байқаушыларына арналған оқу-семинары ұйымдастырылды.
Оқу-семинарына ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі Шыңғыс Лепсібаев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қайруллаев және қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Аралбаев қатысты.
- Біз заманауи әдіс-тәсілдермен тек қана сайлау комиссиялары қызметін қамтамасыз ету емес, сонымен қатар сапалы жаңа бақылау институтын құруды жоспарлап отырмыз, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қайруллаев. – Қызылорда облысындағы тәуелсіз байқаушылар әр түрлі салада қызмет ететін азаматтардан құралған. Мысалы, қоғамдық ұйымдар, ағарту, БАҚ өкілдері, мәдени қызметкерлер және бизнес өкілдері. Қызылорда облысы бойынша әрбір сайлау учаскесіне бекітілген 345 бақылаушылар дайындалды. Біз сайлау процесінің барынша шынайы және әділ өтуін қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз.
Айта кету керек, оқыту семинарына Қызылорда қаласынан 77 байқаушы, сайлаушы және сайлау учаскелерінің өкілдері қатысты.
Шынар БЕКБАН

Комментарии 3