ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР Ә.ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ
Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.
ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы сайлауалды штабының сайлау науқаны бойынша міндеттері айқындалды. Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бағдарламасы «жасыл вектор» негізіне сүйенген Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары насихат материалдарын таратып, үнпарақтарды көшелерге ілуде.
Батыс Қазақстан облысындағы штаб өз жұмысын 16 наурызда бастады. 16 сенімді тұлғаның 4-еуі үгіт жұмыстарын Орал қаласында жүргізіп жатыр. Қалғандары – аудандар бойынша. Кандидатты қолдау үшін мұндағылар 7 мың қол жинап берді. Штаттағылар негізгі электораты өнеркәсіптегілер мен бизнесмендер деп санайды.
ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан облысындағы штабының жетекшісі Айдос Себеповтың айтуынша, штаб қызметкерлері үгіт-насихат науқанына 26 наурыздан бастап кірісті.
Арнайы материалдар әзірлеп, қалаларға тараттық. Үгіт-насихат жұмыстары барлық аудандарда жүріп жатыр. Үгіт материалдары қызметкерлерге жөнелтіліп, олар оны жергілікті тұрғындарға түсіндіріп, кездесулер ұйымдастыруда. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы баяндап, үгіт-насихат материалдарын үлестірумен айналысуда.
Қызылорда облысындағы штаб қызметкерлері өз жұмыстарында ешқандай кедергі сезініп отырған жоқ. Бәрі жоспарға сай, қаржылық және уақыттық шектеусіз жүріп жатыр.
Тек Қызылорда облысындағы штабтың өзінде 11 сенімді тұлға белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруден бөлек, штаб қызметкерлері Президенттікке үміткердің билбордтарының барлық жерде орналастырылғанын жіті бақылауда ұстайды.
Қызылорда облысындағы штаб жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтің айтуынша, облыстық штабтың құрамында 11 сенімді тұлға бар. Олар өз жұмыстарын бекітілген заңға, ереже мен талаптарға сәйкес орындауда. Жұмыстар қалада және жалпы облыс бойынша қызу жүріп жатыр. Үгіт-насихат науқаны басталғалы бері үнпарақтар таратылып, билбордтар ілінді.

Комментарии 1