ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ АСТАНАДАҒЫ «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласындағы «Тұран» университетінде сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз», - деді Тұрғын Сыздықов.
«Біздер, коммунистер үшін марксизм – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр.
Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік оқу мен прогрессивті қоғамдық ойлар негізінде қалыптастырылған», - деп жалғастырды өз ойын сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоңыров.
ҚР Президенттігіне кандидат, партияның батыс мәдениетінің теріс ықпалы мен оның стандарттарына аса көңіл бөлетіндігін хабарлады.
«Батыс өркениеті жалпыадамзаттық құндылықтардың құлдырауынан туындаған мәдени дағдырысты кешіруде. Техникалық жетістік пен ақпараттық революциялардың нәтижесінде батыс елдерінің тұрғындары ұлттық тұтастығын, негізгі дәстүрлі құндылықтарына деген сенімдерін жоғалтуда. Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық тұтынушыларға арналған медиа-өнімдерді автоматты түрде қолданатын механикалық роботтарға айналады», - деді Т.Сыздықов.
Үміткердің пікірінше, «батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымнан тысқары қалуда.
Батыстық адам кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартып байлыққа кенелгісі келеді. Кез келген әдіспен. Бұл сайыста нағыз ымырасыз және дүниеқоңыз адамдар жеңіске жетеді».
«Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Қалғандары сабырлықты есірткі заттарынан, алкогольден, интернет-шындықтарынан, ызаға толы фильмдерден, компьютерлік ойындардан, фаст-фудтан және генді-модификациялық өнімдерден іздейді. Бұл өнімдердің кез-келгені адам денсаулығына есірткідей әсер етіп, адам ағзасының күйреуіне бой алдыруына және үнемі күйзелістікке әкеледі», - деді Т.Сыздықов.
Мұндай жағдайлардың барлығы бұрын адамзатқа белгісіз болған түрлі генетикалық және психикалық жаңа аурулардың көбеюіне алып келді.
Кандидаттың өкілі А.Қоңыров фаст-фудтың теріс салдары туралы: «Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр. Әрбір гамбургердің құрамындағы қатерлі және белгісіз токсинді заттар трансмайлар – канцерогендер түрлі қатерлі ісік ауруларына шалдықтырып, адам ағзасын бой алдыртып және біртіндеп улауда. Тұтастай алғанда, фаст-фуд секілді тез дайындалатын өнімдер, газды сусындар – медиа жарнамалардың арқасында әлемге тез таралып кетті. Мұндай тағамдарды сатып алатын және қолданатын әлемнің барлық адамдары, әсіресе жастар батыстық корпорациялардың пайдасы үшін өз денсаулықтарын және өмірлерін қатерге тігуде. Сондықтан батыстық ірі тағам өндірушілері өздерінің тез дайындалатын тағамдарының құрамын қатаң құпияда сақтауда. Егер олардың тұтынушылары – қарапайым адамдар, фаст-фуд өндірісінде қолданылатын тиым салынған әдістер мен қоспалар туралы білетін болса, олардан бас тартар еді».
«Осылайша, біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құндылықтардан бас тартуға негізделген. Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!», - деді Тұрғын Сыздықов.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі

Комментарии 2