ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕНЕ ЕРТЕ ШЫҚҚАН СИЯҚТЫ
Қызылордада кене ерте шыққан сияқты. Қазірдің өзінде қала маңындағы Тасбөгет кентінің тұрғыны кене шақты деген күдікпен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды 31.kz.
Қала маңындағы ауыл тұрғындары, тіпті соңғы жауған жаңбырмен бірге кененің де жауғанын айтады. Оның үстіне, Конго қырым безгегіне шалдыққан адамдардың саны жыл басынан бері сегізге жеткен. Дәрігерлер науқастарды дер кезінде оқшаулап, тиісті ем жүргізгенімен, зардап шеккендер азайып отырған жоқ. Ең қорқыныштысы, таулы аймақта кездесетін кененің бүгінде қорада көп болуы да Конго Қырым безгегінің өсуіне жол ашып отыр дейді.