ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ КҮН ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде циклон әсерінен күн жауын-шашынды, көктайғақ болады. Дегенмен күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болады, ал 9 сәуірге қарай 5-13 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, еліміздің оңтүстік облыстары циклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күннің бұлтты әрі жаңбырлы болғанына қарамастан, күндіз сынап бағанасы 17-25 градусқа дейін көтеріледі, бұл климаттық нормадан 3-7 градусқа жоғары.
Ақмола облысында кей жерлерде күн жауын-шашынды, қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түседі. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -5…-10 градус суық болса, күндіз +2…+7 жылыны көрсетеді. Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, аздаған қар түседі. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +2…+7, күндіз +10…+15 градус жылыны көрсетеді. Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Маңғыстау облысында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін жетеді. Атырау облысында кей жерлерде түнде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.