МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аппарат мәжілісінде Қазақстан халқының бірілігі күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу барысы талқыланды.Мереке күндері қандай шаралар өтетінін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғайнулла Жарқынбаев хабарлады.
Мәселен, 1 мамыр күні Орталық алаңда Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай театрландырылған қойылым және этно-мәдени орталықтардың қатысуымен «Достық» өнер фестивалі ұйымдастырылады. Бұған қоса, этно ауыл стилінде этно-мәдени орталықтардың көрмелері, кіші қойылымдары өткізіледі. Спорттық жарыстар, жастардың «Сыр елі – достық мекені» атты флэш-моб акциясы ұйымдастырылады. Осы күні Тұңғыш Президент саябағынан Орталық алаңға дейін «Біздің күшіміз бірлікте!» ұранымен велошеру ұйымдастыру көзделуде.
Ал, 7 мамыр күні Астана қаласында Әскери парад пен салтанатты концерт өткізу жоспарлануда. Осы Әскери парадты тұрғындар Орталық алаңдағы Лэд-экран арқылы тамашай алады. Сондай-ақ, әскери техника, қару-жарақ көрмесін және қоян-қолтық ұрыстардың көрінісін ұйымдастырылмақ. Осы күні Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын өткізіледі.
8 мамыр күні «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты республикалық ақындар айтысы, 9 мамыр күні Тағзым алаңында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған митинг, гүл қою рәсімі ұйымдастырылады.
Тағзым алаңында осы күні 5 ақ шатыр орнатылып, онда қала тұрғындарына әскери астан дәм тату ұсынылады. Іс-шара соңы әскери-патриоттық концертке ұласады.
Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Қ.Көшербаев мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.