ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САЙЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
2015 жылғы 7 сәуірде Талдықорған қаласында Алматы облысының сайлау ұйымдастырушыларымен «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу» атты тақырыпта семинар өтті.
Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сәрсембаев қатысты.
Алматы облысының сайлау комиссияларынан басқа аталған іс-шараға қатысушы ретінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылды.
Сөйлеген сөзінде М.А.Сәрсембаев сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер жөнінде бірқатар түсініктемелер берді. Сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастырудың және өткізудің рәсімдеріне, учаскелік сайлау комиссияларының іс-әрекеттеріне айрықша көңіл бөлінді.
Сондай-ақ ҚР ОСК мүшесі сайлау процесіне қатысушылардың бәрінің сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету және өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру қажеттігіне ерекше бөлді.
«Біз әр азаматтың өз конституциялық сайлау құқығын іске асыру үшін және сайлау заңнамасының талаптары мен жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ де транспарентті сайлау науқанын өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек» - деп атап өтті М.Сәрсембаев.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 2