ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ҚЫЗЫЛОРДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Бүгін қаладағы сайлау учаскелерінің дайындығы бойынша пресс-тур ұйымдастырылды. Пресс-тур барысында бұқаралық ақпарат өкілдері Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға байланысты №222, №209 және №196 сайлау учаскелерінің дайындығын көрді.
Сайлау учаскелерінің дайындығы жұмыстарына республикалық бюджеттен 38 млн. 176 мың теңге бөлінген. Қызылорда қаласы бойынша барлығы 97 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 77 ашық түрде өтсе, 20-сы жабық учаске. Жабық сайлау учаскесіне аурухана, тергеу изоляторына арналған орын, әскери бөлімше, сондай-ақ вахталық жұмыс жасайтындар үшін арнайы учаскелер. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған кабиналар, арнайы жәшіктер қойылған. Азаматтар қалауынша сайлау задылықтарымен және кандидаттар туралы мәліметтермен таныса алады.

«10 сәуірден бастап барлық учаскелерде сайлаушылардың тізімдері ілінеді. Қызылордалықтар өзін сол тізімнен тексере алады. Егер де сол сайлау учаскесінде тіркеле отырып, тізімнен өзін таба алмаса, сайлау учаскесінің комиссиясына баруға құқылы. Қызылордада дауыс бере алатын сайлаушылардың саны бойынша барлығы 10 мың 869 азамат.
Облыстағы сайлау учаскелерінің 67 пайызы оқу орындарында, 22 пайызы мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды орналасқан. Қалған 11 пайызын емдеу мекемелері, шалғайдағы вахталық қоныстар мен әскери бөлімдер және т.б. құрайды. Оларды сайлауға байланысты жабдықтау үшін республикалық бюджеттен шамамен 700 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар сайлау күні үйден дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне келе алмайтын азаматтар үшін мобильді топ жұмыс істейтін болады. Мобильді топтың ішінде 1 бақылаушы, 1 сенімді өкіл және 2 комиссия мүшесі», - деді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Аралбаев.
Шынар БЕКБАН

Комментарии 1