ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай орталық алаңда «Мен саламатты өмір салты үшін!» ұранымен көпшілік акциясы өтті. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күні жал сайын бүкіл әлемде аталып келеді.
Акцияға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысып, акцияға қатысушыларды денсаулық күнімен құттықтады.
- Соңғы кезде саламатты өмір сүруге беталыс жаман емес. Соның бір айғағы бүгінгі шара. Бүгінде бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалып келеді, деді.
Акция барысында орталық алаңда таңғы жаттығулар, жастар флеш-мобы және арқан тарту, асық ату, қол күрес, т.б. ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Ортада «Денсаулық» қалашығы құрылып, онда мамандардың кеңес беруі, УЗИ,ЭКГ, глюкометр аппараты арқылы қандағы қант мөлшерін анықтау, флюрографиялық тексеру, қан қысымын анықтау секілді тегін медициналық қызмет көрсетілді.
Акция соңында спорттық жарыстар мен сайыс жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар өңірімізде саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген мекемелер мен азаматтар номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, денсаулық күні аясында 1-7 сәуір аралығында барлық емдеу алдын алу мекемелерінде ашық есік күні жарияланып, тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетілуде.
Шынар БЕКБАН