ОСК «ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ЖӨНІНДЕГІ САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНЬДЕРІ ТУРАЛЫ» ӨЗІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес әкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін берді.
Әкімдіктердің, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдардың сайлаушылар тізімдерін нақтылау бойынша бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесінде белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың жалпы саны 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 213 мың адамға артты. 2015 жылғы 18 наурыздағы деректердің негізінде сайлау өткізу үшін Ортсайлауком 26 наурызда белгілеген қажетті бюллетеньдер саны 157 мың адамға көбейді.
Осыған байланысты 2015 жылғы 7 сәуірде болған Орталық сайлау комиссиясының отырысында «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 26 наурыздағы №19/43 қаулысына өзгеріс енгізу және дайындалатын сайлау бюллетеньдерінің жалпы санын көбейту туралы шешім қабылданды.
Аталған шешімге сәйкес жалпы алғанда (тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызын қоса) 9 610 138 бюллетень, яғни Ортсайлауком бұрын белгілеген саннан 159 081-ге артық,дайындалатын болады.
Сондай-ақ 7 сәуірде болған ҚР ОСК отырысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 7 сәуірде екі халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен тағы 65 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылданды.
Олардың 52-сі- ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 7-еуі - Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясынан, сонымен қатар екі байқаушыдан – Румыния мен Швейцария Конфедерацисынан және бір-бірден – Швеция Корольдігі мен Өзбекстан Республикасынан.
Осылайша, 2015 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі мен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 31 шет мемлекеттен 402 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 1