САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМДЕРІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ЖІБЕРІЛДІ
Конституция мен сайлау заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматтары тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы.
Әрбір сайлаушының бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылардың тізімдерін жасайды. Бұл ретте олардың растығына әкімдіктердің лауазымды тұлғалары жауапты.
Азаматты нақтылы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұратын жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
5 сәуірде әкімдіктер жасаған сайлаушылар тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау учаскелеріне жіберіледі.
10 сәуірден бастап тізімдер учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында танысу үшін ұсынылады және әрбір сайлаушы сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тікелей сайлау учаскелерінде дауыс беру күніне дейін тексере алады.
Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тіркелгенін растайтын құжаттармен (халыққа қызмет көрсету орталықтары беретін мекенжай анықтамасын немесе азаматтарды тіркеу кітабы) келіп, сайлаушылар тізімімен мұқият танысу қажет.
Сайлаушының тегі тізімде болмаған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктер жіберілген жағдайда, сайлаушы тиісті құжаттар негізінде өзін тізімге кіргізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады.
Ортсайлауком мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.
Олар үшін неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау үшін (сайлаушылар тізімімен танысу кезінде және дауыс беру күні) ҚР ОСК мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кедергісіз кіруі үшін сайлау учаскелерін құралдармен (арнайы пандустар, тұтқалар және т.б.) жабдықтауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен әкімдіктерге жүгінді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 1