ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Кеше Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлының қатысуымен деректерді өңдеу орталығының ашылу салтанаты болып өтті.
«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Елбасының 2010-2014 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны инфокоммуникациялармен қамтамасыз ету, іске асрыу мақсатында «Мемлекеттік органдарға хостинг қызметтерін көрсету үшін серверлік интернет-платформа құру» жобасы іске асырылуда.
Бүгінгі күні жоба Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Петропавл, Тараз сияқты еліміздің 12 қаласында іске қосылған. Ал Алматы қаласында 2015 жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Жобаны өңдеп, жүзеге асырған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның біріккен ұлттық операторы.
Деректерді өңдеу орталығы – бұл өзіне қолдау және сүйемелдеу қызметтерін қосатын, тұрақты кешенді инженерлік инфрақұрылым. Ол ТІА-942 серверлік орталықтарын құрудың халықаралық стандартына сәйкестенеді. Сапаның барлық халықаралық нормаларына жауап береді және қауіпсіздіктің мүмкін 4 деңгейінің 2 деңгейіне сәйкестенеді.
- Енді біз ақпараттық жүйенің дамуында жоғары сапасына деңгейінің шығамыз, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары Бақтияр Қожахметов. – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 24 штаттық қызметкерден тұрады. Штат әкімшілендіру және қызмет көрсету жөніндегі халықаралық сертификаттарға ие, білікті қызметкерлермен толық жасақталған.
Шынар БЕКБАН