БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕЛЕП ҚАЙТАДЫ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімі аппаратының мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 7 мәселе қаралып, олардың әрқайсысына жан-жақты талдау жасалды.
Мектеп бітірушілердің білім сапасын анықтайтын ең басты өлшемге айналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2 айдай уақыт қалды. Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаевтың айтуынша, оқу жылының басынан бері өткізілген сынама тесттердің қорытындысы ай сайын талданады. Қазіргі уақытта сынама тестке мектеп бітірушілердің 69,1 пайызы қатысуда. Алдын ала сынақты тегін өткізу үшін кітапша алып беру, бітірушілерді облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында дайындық курс¬тарынан өткізу қарқынды жүргізілуде. Наурыз айындағы орташа балдық көрсеткіш 76,4 болды. Қыркүйектегі 61,3 балдық көрсеткіш едәуір көтерілгенмен, осы кезеңде орташа балл 70-80-ге дейін жетуі тиіс еді. «Алтын белгіден» үміткерлердің 40,8 пайызы, «Үздік аттестаттан» үміткерлердің 29,8 пайызы ғана әзірге өз білімдерін дәлелдеп отыр. Хабарламашының айтуына қарағанда, математика, орыс тілі пәндері бойынша балл көрсеткіші көтерілмей келеді. Бұл осы пәндер мұғалімдеріне ерекше талап қоятын уақыт жеткенін аңғартады.
Былтыр Ресейдің жоғары оқу орындарына 107 түлек оқуға түскен болатын. Биыл грант саны 300-ге дейін ұлғаймақ. Ресей ЖОО-ларында оқитын балалар федералдық бюджет есебінен білім алып жатқанын ескерсек, сырбойылық өрендерге қолдау көрсету арқылы қажетті мамандар әзірлеу жүйелі түрде жүзеге асуда. Бүгінде Ресейдің басқа да ЖОО-ларымен келіссөздер жүргізілуде. «Серпін-2050» бағдарламасы да білім аламын деген жастардың талабын ұштауға қызмет етеді.
Бүгінде Сыр өңіріндегі 22 мектепті Назарбаев интеллектуалдық мектебі деңгейіне көтеру үшін жұмыстар жасалуда. Алдағы жылдары осы мақсатқа 9 млрд. теңге қаржы бөлінбек. Талабы таудай, маңдайы жарқыраған балаларға қолдау көрсету одан әрі жалғасады. Жас ұрпақтың білім алуы үшін салынған инвестиция еселеп қайтатыны сөзсіз. Алдағы уақытта орташа балды ең кемінде 80-ге жеткізу үшін күш салу керек.
Білім басқармасының басшысы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың кейбір мәселелеріне, лагерьлердің демалыс маусымына әзірлігіне тоқталды. Жаз бойы қала сыртындағы, күндізгі лагерьлермен, демалыстың басқа да түрлерімен оқушылардың шамамен 93 пайызын қамту жоспарланған. Оқу-сауықтыру орталықтарының жыл бойы жұмыс істеуін жолға қою уақыт талабына айналып отыр.
Облыстағы 9 демалыс орнының ішінде Шиелі ауданындағы лагерь ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Былтыр бірқатарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтылды. Демалысты ұйымдастыруда аула клубтарын, спорттық сауықтыру, мәдени шараларды үйлестірудің маңызы зор.
Мерекеге толы мамыр айында Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 70 жылдығы аталады. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғ.Жарқынбаев мамырдағы мерекелердің оны қызықтаушыларға тағылым берерліктей үлгіде, кең көлемде атап өтілетінін айтты. Бұл күндері бірлігі мықты елдің іргесі бүтін болатынын дәлелдейтін шаралар ұйымдастырылады. Достық мекеніне айналған Сыр еліндегі салтанаттарды өз деңгейінде өткізу әзірлігі басталып кетті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Жылқышиева Жеңіс күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек 7208 адамға көрсетілетінін атап өтті. ҰОС қатысушысы мен мүгедегіне 100 мың теңге, оларға теңестірілген жекелеген санаттағы адамдарға 30 бен 70 мың теңге аралығында, тыл еңбеккерлеріне 25 мың теңгеден бір дүркін материалдық көмек көрсетілмек. Қосымша әлеуметтік қолдау шараларына облыстық бюджеттен 450 млн теңге бөлінді.
Жеңіс жолында қан кешкен аталардың ерлігін бүгінгі ұрпақ қадір тұтады. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен бақуатты тірлігіміз үшін қарт сарбаздарға қарыздармыз. Дегенмен, жасы жүзге жақындаған қарияларды алдына салып, мемлекет есебінен өз материалдық жағдайын жақсартуды көздейтіндер де бар.
Көктемгі әскерге шақыруды ұйымдастыру барысы туралы хабарлама жасаған жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының басшысы Ж.Шынтасовтың айтуынша, көктемгі шақыру 1 сәуірден басталды. Әскери есепте тұрған 50 мыңнан астам азаматтың 23 мыңнан астамы әскерге шақыртуға жатады. Өткен жылы 1161 адам әскери қызметке жіберілген. Хабарламашы медициналық комиссия қателігінен азаматтардың облыстық жиын пунктінен кері қайтарылған жағдайлары да орын алғанын айтып өтті. Бұл кемшіліктің қайталануы медкомиссия құрамының білікті мамандармен толықтырылу керектігін байқатады.
Тепсе темір үзер азаматтардың Отан алдындағы борышын өтеуден жалтаруы да үлкен мәселеге айналып отыр. Мәселен, былтыр қорғаныс істері департаменті мен ішкі істер департаменті шақыртуға келмеген 414 азаматты іздестірген.
Жылу беру маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е.Әбдіхалықов биылғы жауапты кезең қиындықсыз өтті. Халықты жылу, жарық, газбен қамтамасыз етуде күрделі проблема туындаған жоқ. Дегенмен, пайдаланылған коммуналдық қызметтердің қарызы қордаланып қалды. Алдағы маусымға дайындық жасау үшін қарыздардың өтелуі керек.
Көктемгі көркейту-көгалдандыру және тазалық айлығын ұйымдастырудағы кейбір мәселелерге тоқталған облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Е.Бекжанов жұмысшы топтар ұйымдастырған рейдтер нәтижесін көрсетті. Өткен көркейту маусымында 126 мыңнан астам көшет отырғызылса, оның 57 пайыздан астамы шыққан. Қызылорда қаласын жасыл белдеумен қоршау жұмыстары қарқын алып келеді. Көгалдандыру мәселесі көктем мен жаз айларындағы ең талқылаулы тақырыптардың бірі.
Көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы хабарлама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ө.Пашкеновтың айтуынша, 164,1 мың гектар жерге егіс егу межеленген. Субсидиялау тәртібіне тұқым сапасына қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бүгінде минералды тыңайтқыштар, техника, жанар-жағармай жеткізу жұмыстары қарқын алды. «Қазсушардың» қарызы өтелмесе, су жеткізіп беру қызметін атқаратын мекеменің мәселелері күрделене түспек. Алдағы уақытта қарызды қайтарудың кестесі жасалуы тиіс.
Мәжіліс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелерге орай шешімдер қабылданды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА