ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАҒЫ ДА 3 «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚИЫЛЫС» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қызылорда қаласының орталығында 2014 жылдан бастап екі «Интеллектуалды қиылыс» бағдарламасы іске қосылып, жол-көлік оқиғаларына әкеп соғатын өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға септігін тигізіп келеді. Мәселен, 2014 жылдың өзінде ақылды камералардың көмегімен 7475 ұйғарым бойынша 104063880 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал, ағымдағы жылдан бастап бұл бағдарлама тағы 3 қондырғымен толығып, қала орталығындағы қозғалыс жанданған көше қиылыстарында, яғни, А.Байтұрсынов - Қорқыт Ата, А.Тоқмағамбетов - Желтоқсан және Қ.Яссауи - Қорқыт Ата көшелерінде орнатылды.
Бұл қиылыстар төмендегідей құқық бұзушылықтарды анықтайды. Яғни;
1. Тоқтау сызығын бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне өтіп кету. Аталған құқық бұзушылық жасаған тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 601- бабының 1-бөлігіне сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9260 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал егер де жүргізуші аталған заң талаптарын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда 601-бабының 2-бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 18520 теңге көлемінде айыппұл салынады.
2. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру. Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18520 теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер де заң бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 599-бабының 2-бөлігіне сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 37040 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.
3. Жол қозғалысы Ережесімен тыйым салынған, жолдың қарсы бағытына шығу. Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушіге ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі талаптарына сәйкес, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылады.
Сонымен қатар, Желтоқсан-Мұратбаев көше қиылысында жаңадан «Мираж» кешені орнатылды. Ол жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды, сондай-ақ жылдамдықты асыру дерегін анықтайды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2,3,4-бөліктері талаптарына сәйкес 5-тен 40-қа дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Анықталған құқық бұзу фактісі бойынша ұйғарым «Казпошта» АҚ-ның қызметі арқылы автокөлік иесінің тұрғылықты мекенжайына жолданады немесе «Автоураган» кешені арқылы жол тораптарында жүргізушілерге хабарланады. Айыппұл жайлы ақпаратты алғаннан кейін көлік иесі 30 тәулік мерзімде айыппұлды төлеу қажет. Заңда көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда ҚР ӘҚБтК 893,894-баптарына сәйкес, жазбаша өкім мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындарына жолданады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі