ЕЛБАСЫ “ЭКСПО-2017″ КЕШЕНІН 2016 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ДАЙЫН ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017″ көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің орталығы – Қазақстанның Ұлттық павильонында болатын нысандар жөнінде жан-жақты баяндалды.
Кешенді аралап көргеннен кейін, Қазақстан президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды.
Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін "ЭКСПО-2017″ кешенін 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті.