АРЗАН АВТОНЕСИЕ 20 СӘУІРДЕН БАСТАП БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Қазақстанда жасалған автокөліктер елімізде 20 сәуірден бастап беріле бастайды. Бұл Қазақстан автобизнесі ассоциациясының басшысы (ҚАБА) Андрей Лаврентьев айтып берді.
"Қазіргі уақытта анықталып жатыр. Бірақ, біздің жоспарымыз бойынша, 20 сәуірде соңғы құжаттарға қол қоямыз және апта ішінде осы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізе бастаймыз. Әзірше ешқандай кедергі мен іркілу жоқ", - деп мәлімдеді Лавреньев. Ол арзан автонесиені алу үшін заңды тұлға мен жеке тұлға әдеттегі несиені алған кезде беретін құжаттар тізімін ұсынатынын айтты. "Ешқандай жаңалық болмайды. Лизинг үшін 30 пайыз алдын ала төлем жасалады, қалғанының бәрі бізде бар заң мен нормативтік актілерге сәйкес болады. Жеке тұлғалар қайсыбір банкте қаржыландыру алып жүрсе, бұдан кейін де солай болып қалады. Құжаттар тізімі тура сондай", - деді ол.
Десе де, оның айтуынша, арзан автонесие тек Қазақстанда жасалған автомобльдерге қатысты және олардың бағасы 5600 000 теңгеден (30 мың доллар) аспауы тиіс. "Бұл қазақстандықтардың орта классын қолдауға бағытталған тамаша бағдарлама", - деді Лаврентьев.
Қазақстанның тәуелсіз автобизнесі одағының басқарма төрағасы Павел Ким ҚАБА басшысының айтқанына қосылады, бірақ жеңілдіктер бірінші кезекте отандық автоөндірушілерге арналған деп есептейді. "Егер екінші деңгейлі банктерден өткізіледі деп жоспарланған сыйақы мөлшеріне келер болсақ, оларды девальвация және қайта қаржыландыру мөлшері деген мәселелермен өлшеуге келмейді. Әдеткі жағдайларда қаржы белгілі бір пайызбен шетелден тартылады, сонымен қатар азаматтардың депозиті есебінен алынады. Бірақ егер автонесиелер субсидияланса банктер мемлекеттен ақша алады. Банк бұл үшін мемлекетке үлесақы төлемейді. Сондықтан мөлшерлеменің көтерілуі туралы мәселе өздігінен жойылады. Осы себептен, егер бағдарлама жоспар бойынша жұмыс істейтін болса, бұл қазақстандықтарды Made in Kazakhstan маркасындағы автомобильдерді сатып алуға үндейтін өте пайдалы жоба болар еді", - деді Ким. Сонымен қатар, ол арзан автонесие бағдарламасына шектеу қойылмағанын және азаматтардың осы арқылы қалауынша көп көлік сатып ала алатынын ескертіп өтті.Осыған дейін 2015 жылдың сәуір айында Қазақстанда республика аумағында шығарылған автомбильдерді сатып алуға жеңілдіктердің енгізілетіні хабарланған болатын. Отандық автомобильдерді қазақстандықтар төмендетілген пайыз мөлшерлемесімен сатып ала алады. Нақтылы мөлшерлеме - 4 пайыз, ал ең жоғары мөлшерлеме 6 пайыздан аспауы тиіс. Лизинг бойынша автомобиль сатып алуға да мөлшерлемелер осындай. Оның үстіне, бұл пайызға сақтандыру төлемдері де қосылып отыр. Ақпарат құралдары 1 сәуірде жеңілдікпен берілетін автонесиелердің қазақстандықтар үшін әзірше қолжетімді болмай отырғанын жазған еді.