УКРАИНА «РЕСЕЙҒАРЫШТЫҢ» КӨМЕГІМЕН БАЙҚОҢЫРДАН «ЛЫБИДЬ» ЖЕР СЕРІГІН ҰШЫРМАҚ
Днепропетровск қаласының «Оңтүстік машина зауыты» Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын «Зенит» зымырандарының екі стратына қызмет көрсетуге рұқсат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Украинаның билік көздерінен биылғы жылдың шілде айында Байқоңырдан «Зенит» зымыранын ұшыру үшін қызмет көрсету үшін техникалық мамандарды жіберуге қажетті барлық рұқсат ету құжаттарын алдық. Бұл бейбіт ғарыш және бұл салада Ресеймен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз», - деп баяндады кәсіпорынның бас директоры Сергей Войт «Известия» газетіне.
Бұдан басқа, Украина Байқоңырдан «Лыбидь» хабар тарату жер серігін «Ресейғарыштың» көмегімен ұшыру ниетін растады.
«Лыбидь» жер серігін ұшыруға келетін болсақ, біз оны Байқоңырдан ұшыруды жоспарлап отырмыз. Ұшырылатын зымыранды аяқтадық, енді Ресейден қозғалтқыш пен басқару жүйесін алу ғана қалды», - деп атап өтті Войт.
Газеттің жазуынша, наурыз айының соңғы он күнінде Украинада «Лыбидь» жері серігін әзірлеушілер мен тапсырыс берушілерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте ғарыш аппаратының ұшырылуға дайын екені атап өтілді.
Алайда «Ресейғарышта» украиналық кәсіпорындармен қарым-қатынастары туралы ресми түсінік берілмеді, себебі көптеген мәселелердің айқындалмағаны отырғаны атап өтілді.