ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДИХАНДАР КҮРІШ АЛҚАПТАРЫН ЛАЗЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТЕГІСТЕУГЕ КӨШТІ
Қызылордалық дихандар күріш егу науқанын жылдағыдан бір апта ерте бастауды жоспарлап отыр. Қазір соңғы дайындық жұмыстары пысықталуда. Ал алқаптарды өңдеуде лазерлі тегістегіштер қолданыла бастады. Алайда қымбат техникаға бәрінің бірдей қолы жетпейді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасының тілшісі. Тың технологияны қолданушы шаруашылықтар болса, өнімнің астында қаламыз деген сенімде. Шетелдік жаңа техника ауылдағы шаруаларды қуантқаны белгілі.
Механизатор Батырхан Мекебаев замануи техниканы аз уақытта меңгеріп алды. Ол жуырда ғана Италия мамандарынан дәріс алыпты. «Істен шыға беретін көне техника өткен күннің еншісінде қалды»,- дейді жас дихан. Қазір ол бір күнде бес гектарға дейін жерді тегістеп тастайды.
- Жерді теп-тегіс қылады, күрішті еккенде тегіс болады, су жіберген кезде теп-тегіс. Техниканың бәрі - жаңа, жөндеп май болмайсың, - дейді механизатор Батырхан Мекебаев.
Дихандардың айтуынша, бағасы шамамен 14 миллион тұратын лазерлік құрылғы жердің бетіндегі топырақты толықтай тегістеуге қолайлы. Соның арқасында егіс науқанын жылдағыдан бір апта ерте бастауға мүмкіндік туғанын айтады. «Өнім мөлшері тек сапалы тұқымнан ғана емес, алқаптардағы топырақтың жағдайына да тікелей байланысты. Бұл жер 70-шы жылдан бері тегістелмеген, атыздың бір жағы биік, өнімі нашар болады. Өнім жақсы болу үшін, суды үнемдеу үшін, басшымыз осындай лазерлікті әкеліп шетелден, жерді тегістеп, жақсартамыз деп жатырмыз», - деді күріш егуде тәжірбиелі маман Әсет Әбуов.
Жаңа техниканың көмегімен күріштен мол өнім алу әдістерін жергілікті шаруашылық төрағасы Әліби Бекжанов та шетелдік әріптестерінен үйреніп келген. Көріп-білгенін бірден өзінің алқаптарында пайдалануда. Дегенмен, оны Ресейдегі шаруаларды мемлекет тарапынан субсидиялау бағдарламасының талаптары мазалап жүргенін айтады.
- Ресейде күріштің гектарына берілмейді, жердін планировкасына беріледі субсидия. Шаруашылықтарды субсидияласа, шаруашылықтар өздері қалыпқа келтіреді: каналды қазады, жерді тегістейді. Сөйтіп үнемдеуге болады мемлекет қаржысын, субсидиялау арқылы, - дейді күріш шаруашылығының төрағасы Әліби Бекжанов.
Өткен жылдары Әліби Бекжановтың шаруалығы күріштің әр гектарынан 40 центнерден өнім жинап келген. Биыл бұл көрсеткішті 65 центнерге жеткізуді жоспарлап отыр. Өйткені дайындық жоғары деңгейде. Жер тұтастай тегістелді. Енді 1-2 күнде суаратын каналдарды тазарту жұмыстарын аяқтамақ. Ал егін егуді 6 сәуірде бастауға бел буып отыр.